Семейге кіретін аумақта жаңа белгі болады

Семей қаласының әкімдігі қалаға кіретін аумаққа кіру белгісінің үздік архитектуралық тұжырымдамасына байқау жариялайды.

Байқаудың негізгі мақсаты — қалаға кірген кезден бастап, Семей қаласының жаңа сәулеттік-көркемдік және эстетикалық мүмкіндіктерін көрсететін үздік тұжырымдамалық жобаны анықтау.



"Байқауға келіп түскен эскизді арнайы құрылған комиссия құрамы анықтайды. Комиссия құрамында қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, мәдениет саласының қызметкерлері және Қазақстан сәулетшілер қоғамының мүшелері бар. Қорытынды шешім комиссия мүшелердің көпшілігімен ашық дауыс беру жолымен қабылданады", — делінген хабарламада.



Байқауға шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалары, дизайн студиялары, жобалау ұйымдары, сабақтас кәсіптердің мамандары, авторлық ұжымдар қатыса алады.

Конкурстық жұмыстар 2023 жылғы 20 желтоқсан сағат 18:00-ден кешіктірілмей қалалық ішкі саясат бөлімінде қабылданады.

Сурет: ашық дереккөздерден

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.