Ипотеканың қолжетімділігі артады

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін (ЖТСМ) төмендету ұсынылуда, деп хабарлайды LS.

Тиісті түзетулер "Ашық НҚА" сайтында АРРФР тарапынан жарияланды.

Реттеуші тұрғын үй несиелері бойынша ЖТСМ мөлшерін 25%-дан 20%-ға дейін төмендету көзделіп отыр.

Аталған түзету тұрғын үй заемдарының қолжетімділігін арттыру мақсатында енгізілуде .

Еске сала кетейік, өткен жылдың тамыз айында ҚР-ның қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк банктік кредиттер мен микронесиелер бойынша ЖТСМ-нің шекті мөлшерлерін бекіткен болатын.

Ал 17 наурыздан бастап "Наурыз жұмыскер" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы іске қосылады.

Бұған дейін, LS редакциясы биылғы жылы ипотекалық нарықта қандай өзгерістер күтілетіні туралы жазған болатын.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.