Қар көшкіні Шығыс Қазақстан облысына баратын жолды толығымен жауып тастады

Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданында Өскемен – Тарғын – Самарское тас жолында қар көшкіні жүрді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 ақпанда Шығыс Қазақстан облысында Самар ауданында Өскемен – Тарғын – Самара облыстық тас жолының 132-ші шақырымында жауын-шашын мен желдің күшеюіне байланысты қар көшкіні жүрді. Оның жалпы көлемі 1300 текше метрді құраған. Құрбандар мен зардап шеккендердің жоқ екені айтылады.

Жолды тазалаумен "Облшығысжол" ЖШС айналысуда. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оқиға орнына барған. Посттар қойылған.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.