Экс-министр Бишімбаев қанша жылға сотталуы мүмкін
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінді.
Бұл туралы 10 қараша күні Астана полиция департаменті баспасөз қызметі былай деп хабарлады:
"Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелдің өліміне қатысты оқиғаны елордалық Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі бойынша тергеп жатыр".
ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде "Адам өлтіру, яғни басқа адамның заңсыз қасақана өліміне әкеп соғу 8 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады" делінген.
Сурет: ortcom.kz