«Аяз бен көктайғақ”: Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 14 қаңтарда бірнеше өңірде аяз бен көктайғақ болатынын болжады.

Еліміздің бірқатар өңірінде екпінді жел соғады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақтөбе облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында шаңды дауыл сақталады. Шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың оңтүстік-батысында, шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 40 градус қатты аяз болады.

Жетісу облысының Алакөль көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Түнде 23-28 градус қатты аяз болады.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.