"Ерке өмірден көп таяқ жеді": Ерке Есмаханның жан құрбысы әншінің сырын ашып қойды

Танымал әнші Ерке Есмаханның жан құрбысы ел білмейтін сырын айтты.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әншінің 15 жылдан бергі өте жақын құрбысы Айнара Қалыбекқызы әнші жайлы көп сырды ақтарды.

- Бүгін Еркемен кездесіп оның әйелдік магиясына таң қалдым ғой. Тағы бір нәрсеге көзім жетті: Еркенің бойында еркелік, әйелдік энергия, қылықтылық көп.
Әйелдің дәл сол қасиеті ер адамын қуаттандырады. Еркелік, әйелдік энергия, қылық.

Ерке расслабленный әйел. Шарт қоймайды. Ешкім мен қалағандай болуға міндетті емес. Мен де бәрінің ойынан, көңілінен шығуға міндетті емеспін. Өзіме не ұнайды, соны жасаймын! Ешкімге өз ойын тықпаламайды. Өзгелердің ойына бола қатты бас қатырмайды.

Ерке ұзақ әрі дауыстап күле алады. Ойын ашық айта алады. Өйткені сезімдері ояу. Внутренняя девочкасы ояу! Үйінің еркесі, әке шешесінің бар мейірім-махаббатын ала білген.

Ерке эстет әйел! Өзінің сырт келбеті, тырнағы, шашы — бәрі күтімде! Әрине, ол жұлдыз! Бірақ концертсіз, үйден апталап шықпаған кездерін көргенмін. Күтімі өзімен! Иісі үйде ешкім жоқ болса да жұпар)

Ерке өзінің ішкі әлемімен үйлесімді үнемі қалап тұрады. Сыртқы факторлар, әңгіме өсекке
иммунитеті мықты. Ол да өмірден көп таяқ жеді. Бірақ, депрессияға түсіп кетпей, керісінше баняға барып, тәтті тамақ жеп, Одри Хепберн сияқты бір әйелдер туралы документалды фильмдерді қарайды. Өзін-өзі алып шығады.
Мужская энергиясы да жеткілікті. Шешім шығару қажет болса, проблема шықса бірден осы жағы іске қосылады. “Мен әйелмін, нәзікпін” деп отырып алмайды.
Еркемен 15 жыл доспын. Күн сайын болмаса да күнара байланыстамын, — деп жазды әншінің құрбысы.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.