"3 млн теңге" Тамыз айында жұмыссыз жүргендерге ұсынылған ең жоғары жалақы белгілі болды
Тамызда бос жұмыс орнына ұсынылған ең жоғары жалақы 3 млн теңге болды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
«2023 жылдың тамызында жұмыс берушлер hh.kz сайтына түрлі бағыттарда 50 мыңнан астам бос жұмыс орнын жариялады. Бұл шілде айына қарағанда — 7, ал 2022 жылдың тамызымен салыстырғанда 36 пайызға көп. Осы жылдың тамызындағы бос жұмыс орындарына ұсынылып отырған орташа арифметикалық жалақы мөлшері салықты қоса алғанда 312 мың теңгені, медиандық орташа жалақы салығымен бірге 252 мың теңгені құрады», — делінген жұмыс іздеуге арналған hh.kz порталы таратқан мәліметте.
Тамыздағы ең қымбат жұмыс орындары мынадай:
- Алматыда коммерциялық директор. Қолға ұсынылған жалақы — 1 млн 100 мың теңге мен 3 млн теңге аралығы.
- Алматыды корпусты жиһаз дизайнері-жобалаушысы. Қолға ұсынылған жалақы — 1,5 млн теңгеге дейін.
- Алматыда колл-орталық жетекшісі. Қолға ұсынылған жалақы — 400 мың мен 1 млн теңге аралығы.
- Алматыда DevOps-инженері. Ұсынылған жалақы — 500 мың теңге.
Қазақстан қалалары ішінде тамызда Алматы (еліміз бойынша барлық бос жұмыс орнының 40 пайызы), одан кейін Астанада бос жұмыс орындары көп ұсынылған.
Сонымен қатар пайызға шаққанда Тараз, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай қалаларында да бос жұмыс орындарының артқаны байқалады.
Ал ай сайынғы ең төменгі өсім Атырауда тіркеліп отыр