Алматыдағы базарда сауда бутиктері өртенді

Алматыда "Береке" базары аумағында өрт шықты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, "Береке" сауда базары аумағында халық тұтынатын тауарлар сататын екі сауда бутигінде өрт шыққан.

"Өрт сағат 6:15-те оқшауланып, сағат 6:18-де сөндірілді. Өрт аумағы 50 шаршы метр болады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", — деп хабарлады ТЖД.