Алматыдан 257 км қашықтықта жер сілкінді

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 наурыз күні сағат 00:04-де жер сілкінісін тіркеді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 257 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы — 9.8. MPV магнитудасы — 4.5. Жер сілкінісінің координаттары 41.36° с. б. 78.78° ш. б. Тереңдігі — 15 км.

Сезілуі туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) Қазақстан аумағында жоқ.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.