Жезқазғанда 37 миллионға жөнделген перзентхананың төбесі бірінші нөсерден соң тесіліп қалды


Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жағдайға мердігерді кінәлап отыр.


37 миллион теңгеге жөнделген Жезқазған қалалық перзентханасының төбесі нөсер жаңбырға шыдас бермеді. Былтыр ғана күрделі жөндеуден өткен көпбейінді ауруханның ана мен бала бөлімшесін толассыз жауған жауыннан соң су басып қалған, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар бұл жағдайға мердігерді кінәлап отыр. Ал компания аурухананы толықтай жөндеуден өткізбеген болып шықты. Сондықтан емхана басшылығы жұмысты қабылдамаған. Қазір аурухана басшылығы мен мердігер компания соттасып жатыр.

"Мердігердің жауапсыздығынан осындай жағдайға жетіп отырмыз. Қазіргі таңда ол кісілерге сотқа арыз берілді. Комиссия тексерді. Олардың қателіктерін анықтады. Қазіргі таңда біз оларды сотқа бердік", – деді Ұлытау облысы Жезқазған қаласы облыстық көпбейінді ауруханасының директоры Ғабиден Аханов.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.