Алтынды заңсыз өндірушілер құрықталуда


Қазақстанда заңсыз алтын өндірісі көбейген. Ішкі істер министрлігірде (ІІМ) LS-ке ең көп зардап шеккен өңірлер туралы айтты.

Министрліктің мәліметінше, ағымдағы жылы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірудің алты фактісін анықтады. Бес жағдай Ақмола облысына, біреуі Шығыс Қазақстан облысына тиесілі. Өткен жылдың осы кезеңінде Ақмола және Қостанай облыстарында екі факт анықталды.

Келтірілген залалды есептеу бойынша сараптамалар тағайындалды.

Сондай-ақ, биыл 14 қара іздеуші анықталған: 3-і Ақмола облысында,

11-і Шығыс Қазақстан облысында. Бір жыл бұрын Ақмола облысында тек 3 факт тіркелді.

"Пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ, қара іздеушілерді анықтау үшін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелерінің қызметкерлері, оның ішінде алтын өндіруші және қайта өңдеуші кәсіпорындардың ішкі қауіпсіздік қызметтерінің өкілдерімен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізілуде", — деп сендірді ІІМ-де.

Бұған дейін, LS тілшісі елдегі ірі алтын кенішінде жүздеген "қара іздеушілер" ұсталғанын хабарлаған болатын.

Durys Info – Правильные новости  твоей страны

Durys Info – Правильные новости твоей страны

Самые свежие и актуальные новости Казахстана и России. Последние события, конфликты и происшествия, обновления новостей онлайн на Durys Info каждый день.