Мемлекеттік шекарада ірі көлемде валюта тасымалдау дерегі тоқтатылды
Шекарадан 37 мың долларды алып өтпек болған көрші елдің азаматы ұсталды.
2025 жылғы 16 шілдеде ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментіне қарасты Семей шекара басқармасының “Байтанат” автомобильдік шекаралық бақылау бөлімшесінде шекаралық наряд күдікті деректі анықтады. Тексеру барысында Ресей Федерациясының азаматы, КамАЗ жүк көлігінің жүргізушісі Қазақстаннан Ресейге 37 349 АҚШ долларын (19637 178 теңге) алып өтпек болған.
Аталған факт ҚР Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы №830 Жарлығына сәйкес, қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, тұлға шекарадан өткізілмеді.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 16 шілдеде «Ауыл» теміржолдық шекаралық бақылау бөлімшесінде шекарашылар тарапынан РФ азаматшасына, қатысты профилактикалық шара жүргізілді. Себеп – кәмелетке толмаған қызының туу туралы куәлігінің мерзімі өтіп кеткені анықталды.
Тексеру нәтижесінде тұлғаларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мемлекеттік шекарадан өту тәртібі бойынша профилактикалық нұсқама берілді.
Шекара қызметі азаматтарды шекарадан өтер алдында құжаттардың жарамдылық мерзіміне және қолданыстағы заңнамаларға сайлығына мән беруге шақырады.
Сурет: ҚР ҰҚК Шекара қызметі Абай облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі